Қарағанды облысы азаматтардың дауыс беруге келу көрсеткіші бойынша көш бастап тұр

Бүгін елімізде жаңа Конституция бойынша жалпыхалықтық референдум өтуде.

1773553489822708.jpg

(Сурет: ҚР ОСК сайтынан алынды)

ҚР орталық референдум комиссиясы республика бойынша азаматтардың дауыс берудегі белсенділігі жайлы аралық есепті жариялады. Ол бойынша, Қарағанды облысы азаматтардың дауыс беруге келу көрсеткіші бойынша көш бастап тұр. Мұнда сағат 10:00-дегі есеп бойынша, Қарағанды облысы 26,64% нәтиже көрсеткен.

Орталық референдум комиссиясы хабарлайды: облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 10:00 жағдай бойынша өңірлерде азаматтардың келуі төмендегідей нәтиже көрсетті. 

Алғашқы үштікте: Қарағанды облысы 26,64%, Ақтөбе облысы 21,80%, Түркістан облысы 21,21%. 

Жалпы, сағат он нөл-нөлдегі жағдай бойынша Республиканың 2 393 844 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 19,21% құрады.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар