Көксу ауданына қарасты 10 жылдық Қазақстан ауылында республикалық референдум күні ерекше белсенділік байқалды. №264 сайлау учаскесінде ауыл тұрғындары бір мезетте жаппай дауыс беруге келіп, өз азаматтық ұстанымдарын білдірді.

(Сурет: Көксу аудандық әкімдігінен алынды)
Атап айтқанда, «10 жыл Қазақстан» ауылының 200-ге жуық тұрғыны ұйымдасқан түрде сайлау учаскесіне келіп, референдумға қатысты. Тұрғындардың мұндай белсенділігі ауыл халқының ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетті.
Дауыс беру барысында барлық талаптар сақталып, учаске комиссиясы тарапынан қажетті ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Сайлаушылар тіркеуден өтіп, бюллетень алып, өз таңдауларын жасады.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, референдум – ел дамуына қатысты маңызды қадам. Сондықтан әрбір азамат өз дауысын беріп, ел тағдырына қатысты шешімдерге қатысуы қажет.
Жалпы, №264 сайлау учаскесінде дауыс беру процесі ашық әрі ұйымдасқан түрде өтіп, тұрғындар белсенді қатысуда.
Mezgil.kz