«Қар барысы» Қонаевта референдумда дауыс берді

Қонаев қаласында дауыс беру барысында тұрғындардың назарын ерекше қатысушы аударды. Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумда №949 сайлау учаскесіне Алматы облысының символы саналатын қар барысының кейпіндегі костюм киген қала тұрғыны келді.

1773556017430749.jpeg

(Сурет: Аслан Кажеке)

«Қар барысының» келуі учаскеде болған азаматтардың қызығушылығын бірден тудырды. Дауыс берушілер ерекше қонақты жылы қарсы алып, онымен естелік суретке түсіп, мұндай креативті бастама учаскедегі көңіл-күйді көтеретінін атап өтті.

«Қар барысы — біздің облыстың символы. Бүгін мен өз азаматтық борышымды орындап, еліміз үшін маңызды оқиға — жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қатысу үшін өз учаскеме келдім», — деді Қонаев қаласының тұрғыны,  «Қар барысы» кейпінде келген Шыңғыс Мұқашев.

1773556148618314.jpeg

(Сурет: Аслан Кажеке)

Дауыс бергеннен кейін «қар барысы» басқа да дауысберушілермен әңгімелесіп, естелік фотосуреттерге түсті.


Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар