Бүгін Кеген ауданында шаңғы спортымен айналысатын спортшылар І.Жұмағұлов атындағы орта мектебінің ғимаратындағы №568 референдум учаскесіне арнайы келіп, бір уақытта дауыс берді. Олар өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдіріп, ел болашағына жауапкершілікпен қарайтындарын көрсетті.

(Сурет: Кеген аудандық әкімдігінен)
Спортшылар маңызды қоғамдық-саяси шарадан тыс қалмай, белсенділік танытты. Аудан шаңғышылары жастарға үлгі болып, барша тұрғындарды ел тағдырына бейжай қарамай, өз таңдауларын жасауға шақырды. Еліміздің болашағы үшін әр дауыс маңызды!
Mezgil.kz