Әнші Қуандық Рахым Алматыда референдумға қатысып, дауыс берді

Алматыда танымал эстрада әншісі Қуандық Рахым республикалық референдумға қатысты. Ол тіркелген референдум учаскесіне барып, дауыс берді.

 1773565625483843.jpeg

(Сурет: жеке парақшасынан)

Әнші референдумға қатысу азаматтық жауапкершіліктің маңызды белгісі екенін атап өтті.

«Әр азаматтың дауысы — ел болашағына әсер ететін маңызды таңдау. Сондықтан мен де бүгін референдумға қатысып, ұстанымымды білдірдім», — деді Қуандық Рахым.

Бүгін Қазақстанның барлық өңірінде жалпыхалықтық референдум өтіп жатыр. Ел тұрғындары мемлекет үшін маңызды мәселеге қатысты пікір білдіру үшін дауыс беру учаскелеріне келіп жатыр.

Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар