Бейжің олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев дауыс берді

Кеген ауданының   орталығындағы референдум  учаскелерінде  дауыс берушілер толассыз келіп жатыр. Қазақстан Республикасының жаңа Конститутциясын  қабылдау жөніндегі жалпыхалықтық референдумда  аймақтағы танымал тұлғалар  саяси науқаннан шет қалған емес.  Олардың қатарында Бейжің олимпиадасының күміс жүлдегері, аудан әкімі Нұрбақыт Теңізбаевта бар. 

1773574742869458.jpeg

(Сурет: Жергілікті сайлау учаскесінен) 

Спортшы өзінің құқығын пайдаланып, таңдау жасау үшін Ө.Жаңабаев атындағы орта  мектепте орналасқан №558 референдум  учаскесінде  өз дауысын берді. 

Спортшының айтуынша, бүгінгі күннің ел тарихы үшін маңызы зор. Нағыз патриот мұндай маңызды шарадан шет қалмаулары тиіс,  халық таңдауымен таразыланатын бұл сында еліміздің дамуы үшін артылар үміт көп. Сондықтан әрбір азаматтың дауысы маңызды екенін атап өтті.


Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар