Ливандағы дербес миссия: Қазақстан бітімгерлері абыройдың нышанына айналуда!

Қазақстан Орталық Азия елдері ішінде БҰҰ миссияларына ең белсенді қатысушы мемлекет. Оған Қазақстанның экономикалық, саяси, әскери мүмкіндігі жетуде.


ChatGPT Image 25 мар. 2026 г., 18_43_04.png

 (Сурет ЖИ арқылы жасалды)


Еліміз БҰҰ аясында бірнеше бітімгерлік миссияларға қатысты. 2018 жылдан бастап қазақстандық бітімгерлер Ливанның оңтүстігінде Үндістан батальонымен бірлесіп қызмет етті. Миссия аясында Қазақстан әскерилері өздерінің кәсіби деңгейін айқын көрсетті. Әскерилердің тілді жетік білуі, ұрысқа дайындығы, физикалық дайындығы жоғары деңгейде болды. Қазақ сарбаздарының халықаралық стандарттарға сай екенін, шет тілдерін меңгергенін және күрделі этно-саяси жағдайларда жұмыс істей алатынын әлемдік БАҚ басылымдары да жазды. Үндістан батальоны құрамында болғандықтан, үндістандық ақпарат көздері де кәсіби қазақ сарбаздары туралы сюжеттер әзірледі.

 

Қазақстан Алматыда бітімгерлік күштерін әзірлейтін орталықтың жұмысын күшейтті. Онда тек қазақстандық сарбаздар ғана емес, шетелдік әскерилерді де БҰҰ стандарттары бойынша дайындайды. Мұнда бітімгерлерге шиеленісті күш қолданбай шешу, жергілікті халықпен тіл табысу және гуманитарлық көмек көрсету дағдылары үйретіледі. Барлығы стандартқа сай іске асады.

 

2024 жылдан бастап Қазақстан БҰҰ-ның Голан жоталарындағы миссиясына дербес бітімгерлік контингентін жіберді. Яғни, ендігі таңда біз Үндістанның батальоны құрамында емес, жеке күш ретінде аттандық. Бұл Қазақстанның әскери тарихындағы айрықша оқиға. Қазақстанның жетістігі Орталық Азиядағы өзге елдерге үлгі болуда. Ал біздің туымыз дербес миссияның күші ретінде желбіреп тұр.

 

Қазақстан бітімгерлік миссияларына қатысуды тоқтатпақ емес. Әскери әлеуетті күшейте бермек. Бұл Қазақстанның жаһандық дәрежедегі әлеуетін де арттырады.


Mezgil.kz



Сәйкес тақырыптар