Қазақстан лаң салған лаңкестікпен күресті күшейтуде!

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді басты басымдықтардың бірі ретінде қарастырып келеді. Мемлекет ішкі тұрақтылықты сақтау және сыртқы қауіпті азайту әрекеттерін жүйелі негізде жүргізуде. Кез келген ел үшін басты қауіптің бірі – терроризм. Әлем елдері терроризмге қарсы күресте күш біріктіруде. Бұл түрлі тәжірибе алмасу бағдарламалары, ақпарат алмасу, қауіпті қылмыскерлерді ұстау және басқа арқылы көрініс табуда. Қазақстан да бұл шаралардан тыс қалған емес.


ChatGPT Image 1 апр. 2026 г., 15_14_07.png(Сурет ЖИ арқылы жасалды)

 

Терроризм мен экстремизмге қарсы саясаттың негізгі бағыттары белгілі. Қазақ елі бірнеше бағытта лаңкестікке қарсы күресті жүйелеуде. Атап айтсақ құқық қорғау және арнайы органдардың алдын алу қызметі, интернет кеңістігін бақылау және радикалды контентті жою, діни сауаттылықты арттыру және идеологиялық жұмыс, халықаралық ынтымақтастықты дамыту сынды әрекеттер іске асуда.

 

Интернеттегі жат ағымдардың ақпаратын тазалау және жүйелі идеологиялық күрес жүргізу 24/7 режимінде іске асуда. Интернет – лаңкестік элементпен күресудің басты шебі. Мыңдаған парақшалар, сайттар мен қауымдастықтар жастардың ақылын адастырып, санасын улауда. Жат ағымның жетегінде кетіп, Сириядағы соғысқа аттанып, Ауған асуынан шыққандар аз емес. Бұл ұлттық қауіпсіздік үшін үлкен қауіп. Сол үшін де Қазақстан билігі ақпараттық кеңістікте жат ағымдармен күресті күшейтті. Құқықтық жауапкершілік те қатаңдатылған.

 

Мемлекет экстремизм, терроризм іспеттес қауіптерге тек күштік әдістермен емес, профилактикалық және ақпараттық тәсілдер арқылы да қарсы тұруда. 2024 жылы экстремизм мен терроризмге байланысты 85 қылмыс анықталған. Сол жылы 44 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. 2025 жылы террористік және экстремистік қылмыстар үшін 60-тан астам адам сотталған. 2025 жылдың бір кезеңінде ақпараттық кеңістікте 10852 экстремистік материал анықталып, оның мыңдағаны жойылған. Бұл көрсеткіштер құқық қорғау органдарының жүйелі жұмысын және қауіптердің ерте кезеңде анықталатынын дәлелдейді.

 

Global Terrorism Index (2023–2025) бойынша Қазақстан 0.00 көрсеткішпен ең қауіпсіз елдердің қатарына кіреді. Қазақстан терроризм мен экстремизмге қарсы күресте жүйелі әрі кешенді саясат жүргізіп келеді. Статистикалық мәліметтер мен халықаралық рейтингтер елдегі қауіп деңгейінің төмен екенін дәлелдейді. Сонымен қатар, халықаралық ынтымақтастық пен алдын алу шаралары бұл бағыттағы жұмыстың тиімділігін арттыруда.


Mezgil.kz



Сәйкес тақырыптар