Қазақстан Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF AGM) жиналысында Астанада2027 жылғы үстел теннисінен әлем чемпионатын өткізу тұжырымдамасын ұсынды. Қазақстандық делегация өкілдері 220-дан астам ұлттық федерация өкілдерінің алдында сөз сөйлеп, бұл күн тәртібіндегі басты оқиғалардың біріне айналды.

(Сурет:astana-akshamy.kz)
Отырысқа ITTF басшылары, ұлттық федерациялардың делегаттары және әлемдік үстел теннисінің өкілдері қатысты. Қазақстандық делегация спорттық инфрақұрылымнан бастап ұйымдастырушылық шешімдерге дейін турнирді өткізуге кешенді дайындығын көрсетті.Астананың заманауи келбеті мен оның халықаралық жарыстарға арналған алаң ретіндегі әлеуетінтаныстырған арнайы дайындалған бейнеролик ерекше қызығушылық тудырды. Бұған залдағы халықтың қол шапалақтауы әлемдік спорт қауымдастығының жоғары қызығушылығын көрсетті.

«Қазақстанды осындай халықаралық алаңда таныстыру — біз үшін үлкен мәртебе. Астана үстел теннисі тарихындағы жаңа стандартқа айналатын деңгейде әлем чемпионатын өткізетініне сенімдіміз«, — деп атап өтті қазақстандық делегация өкілдері.
Іс - шара аясында шетелдік делегаттарға қонақжайлылық пен ұлттық бірегейліктің символы ретінде әлем чемпионатының брендтелген өнімдері ұсынылды.
«Қазақстан сенім ұялатып, жүйелі тәсілді және дайындықтың жоғары деңгейін көрсетеді. Біз Астанада 2027 жылғы өтетін әлем чемпионатын асыға күтеміз«, — деп атап өтті халықаралық үстел теннисі федерациясының өкілдері.

2027 жылғы әлем чемпионатын өткізу құқығын Қазақстан Катар астанасында өткен 2025 жылыITTF көп кезеңді және бәсекелі іріктеу қорытындысы бойынша жеңіп алды. Байқауға Қазақстаннан басқа тағы 4 ел — Франция, АҚШ, Бразилия және Қытай қатысты. Финалдық кезеңге Қазақстанмен Франция шықты, онда Қазақстан 54,68% дауыспен жеңіске жетті. Бұл шешім өңір үшін маңызды болды, яғни тарихта тұңғыш рет үстел теннисінен әлем чемпионаты Орталық Азияда өтеді. Турнирді Астанада өткізу спортты дамытудағы, елдің халықаралық имиджін нығайтудағы және Астананы ірі әлемдік оқиғалар алаңы ретінде ілгерілетудегі маңызды қадам ретінде қарастырылады.
Mezgil.kz