Астанада Отан қорғаушылар күніне арналған плац-концерт өтеді

Астана қаласындағы Қазақ елі алаңында 7 мамыр күні сағат 11:00-де Отан қорғаушылар күніне арналған плац-концерт өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

1777901706964062.jpeg

(Сурет: gov.kz)

Іс-шара аясында көрермендерге әскери оркестрлер мен мемлекеттік органдардың саптық есептоптарының қатысуымен мерекелік бағдарлама ұсынылады. Сондай-ақ саптық дайындық элементтері мен салтанатты бөлімшелердің көрсетілімдік қойылымдары да сахналанады.

Плац-концертке Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі және Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері қатысады.


Mezgil.kz



Сәйкес тақырыптар