Қарағанды облысында соғыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден төленді

Жеңіс күні қарсаңында Қарағанды облысында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 5 миллион теңгеден (бұл 10 мың АҚШ долларынан асады) біржолғы төлем берілді. Қазіргі таңда өңірде алты соғыс ардагері тұрады: олардың бесеуі Қарағанды қаласында, біреуі Осакаров ауданында тұрады.

1777969228443066.jpg

(Сурет: gov.kz)

Жалпы әлеуметтік қолдау шараларымен өңірдің 2,1 мыңнан астам тұрғыны қамтылды.

Көмек алушылардың басым бөлігін тыл еңбеккерлері құрады. Облыста мұндай санаттағы 2029 адамға 100 мың теңгеден біржолғы төлем жасалды.

Сондай-ақ әлеуметтік қолдау келесі санаттағы азаматтарға көрсетілді:

* концлагерьдің бұрынғы тұтқындары мен қоршаудағы Ленинград тұрғындарына — 200 мың теңгеден (33 адам);

* қаза тапқан жауынгерлердің жұбайлары мен жесірлеріне — 50 мың теңгеден (89 адам).

Бұдан бөлек, ардагерлер үшін шипажай-курорттық ем алу мүмкіндігі қарастырылған. Бұл шығындар жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады.


Mezgil.kz


Сәйкес тақырыптар