2026 жылғы 16 мамырда Астанадағы Ұлттық нейрохирургия орталығы базасында Kazakh Spine Days 2026 халықаралық жұлын нейрохирургиясы бойынша білім беру курсы ашылды. Бұл — Орталық Азиядағы жұлын нейрохирургиясы саласындағы ең ірі кәсіби іс-шаралардың бірі.

(Сурет: шара ұйымдастырушыларынан)
Екі күн бойы Қазақстанның өңірлерінен және шетелден келген жетекші нейрохирургтер, омыртқа хирургиясының мамандары, зерттеушілер мен жас дәрігерлер омыртқа ауруларын диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдерін, жоғары технологиялық хирургиялық әдістерді енгізу және халықаралық кәсіби ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылауда.
Алғашқы күні 100-ден астам қатысушытіркелді. Олардың басым бөлігі Қазақстанныңөңірлерінен келген мамандар болса, сондай-ақ іс-шараға Түркия, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея жәнеҚытай елдерінен сарапшылар қатысуда.
Қатысушыларды ашылу салтанатындаҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтаувице-министрі Ербол Оспанов құттықтап, мұндайхалықаралық білім беру алаңдарының отандықмедицинасының дамуына зор серпін беретінін атапөтті. Ол Астана қаласы мен Ұлттық нейрохирургия орталығының әлемдік деңгейдегі мамандарды қабылдауы — денсаулық сақтау жүйесіндамытудағы жүйелі жұмыстың нәтижесі екенін жеткізді.

(Сурет: шара ұйымдастырушыларынан)
Қазақ нейрохирургтар ассоциациясының жәнеҰлттық нейрохирургия орталығының президенті, еліміздің бас штаттан тыс нейрохирургі, ҚР ҰҒА академигі Серік Ақшолақов жұлыннейрохирургиясын дамыту Қазақстанмедицинасының стратегиялық бағыты екенін атапөтті.
Конференцияның негізгі халықаралықспикерлерінің бірі — профессор Mehmet Zileli(Нейрохирургиялық қоғамдардың дүниежүзілікфедерациясы (WFNS) Жұлын нейрохирургиясыкомитетінің негізін қалаушы және алғашқытөрағасы, WFNS-тің құрметті мүшесі). Ол «Белауырсыну көздерін диагностикалау» аттыбаяндамасында омыртқа патологияларын, әсіреседегенеративті ауруларды анықтау жәнеауырсынудың нақты себебін табудың заманауитәсілдеріне тоқталды.
Профессордың айтуынша, хирургиялық емніңсәтті нәтижесі тек операцияның техникалық сапасына ғана емес, сонымен қатар дұрыс диагноз қою мен науқасты операцияға дұрыс іріктеугетікелей байланысты.

(Сурет: шара ұйымдастырушыларынан)
«Дұрыс алынған пациент — операцияныңтабысты нәтижесінің және қазіргі әлемдік нейрохирургиядағы қауіпсіздік қағидаларыныңнегізгі факторларының бірі», — деді профессор Mehmet Zileli.
Сондай-ақ ол Қазақстандағы жұлыннейрохирургиясы деңгейінің жоғары екенін атап өтті. Оның айтуынша, клиникалық тәсілдер, жабдықталу деңгейі және орындалатыноперациялар әлемнің жетекші орталықтарымен толықтай сәйкес келеді.
Профессор Ұлттық нейрохирургия орталығы бүгінде халықаралық деңгейдегі оқу және тренинг базасы ретінде қалыптасқанын, мұнда жас мамандарды оқытуға және әлемдік қауіпсіздік стандарттарын енгізуге ерекше көңіл бөлінгенін айтты.
Ол курс аясында халықаралық сарапшылардың негізгі мақсаты — Қазақстанның өңірлерінен келген жас дәрігерлерді оқыту, тәжірибе алмасужәне жұлын нейрохирургиясы бойынша практикалық дағдыларды дамыту екенін де атапөтті.
Омыртқа хирургиясы саласындағы мамандарды біріктіретін International Spine Society (ISS) халықаралық қоғамының президенті - YahyaGüvenç өз сөзінде халықаралық тәжірибе алмасумен білім беру бастамаларының жұлын нейрохирургиясының дамытудағы рөлін ерекшеатап өтті.
Курс аясында Hands-on Workshop on Models форматындағы практикалық сабақтарға ерекшеназар аударылды. Қатысушылар анатомиялық үлгілер мен симуляциялық модельдерде хирургиялық дағдыларды жетілдіруде.
Ғылыми бағдарлама омыртқа хирургиясының өзекті бағыттарын қамтиды: дегенеративті ауруларды емдеу, деформацияларды түзету, жұлынжарақаттарын емдеу, ісіктер хирургиясы және дәлелді медицинаны енгізу.
Kazakh Spine Days 2026 — тәжірибе алмасуға, кәсіби диалогқа және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға арналған маңыздыалаңға айналды.
Mezgil.kz