«Ақ жол» партиясы Астанада Амангелді Сейітханды еске алу турнирін өткізді

Журналистер күніне орай Астана қаласында «Ақ жол» партиясы белгілі спорт комментаторы Амангелді Сейітханды еске түсіруге арналған дәстүрлі бильярд турнирін өткізді.

1781789796142907.jpeg

(Сурет: "Ақ жол" демократиялық партиясының баспасөз қызметінен)

Шараға «Ақ жол» демпартиясы фракциясының жетекшісі Азат Перуашев, партия Ұлттық кеңесінің хатшысы Арман Сқабылұлы қатысты. Тартысты додада БАҚ өкілдері, белгілі журналистер шеберліктерін ортаға салды.

1781789829260898.jpeg

1781789905854876.jpeg

(Сурет: "Ақ жол" демократиялық партиясының баспасөз қызметінен)

Турнирде ақпарат, мәдениет, әдебиет саласының майталмандарынан құралған сегіз команда бақ сынады. 

Жарысқа қазақ журналистикасының ардагері Қайнар Олжай төрелік етті. Ойын барысында аңыз комментатордың әріптестері Аманкелді Сейтхан туралы естеліктер айтты. 

1781789874299437.jpeg

(Сурет: "Ақ жол" демократиялық партиясының баспасөз қызметінен)

Тартысты ойын нәтижесінде «Ұлттық арна» командасы жүлделі үшінші орынға ие болды. Екінші орын «Нұрсая» командасына бұйырды. Ал, бас жүлдені «Айқын» командасы қанжығасына байлап, жарыстың жеңімпазы атанды.


Mezgil.kz


Сәйкес тақырыптар