25 шілде күні Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Ақши ауылы, Алакөл көлінің көркем жағалауында көптен күткен «Алакөл толқыны» фестивалі өтеді!

(Сурет: Instagram скрині)
Көкжиекпен астасқан Алакөл, күннің батуы, сүйікті әндер, ерекше шоу және жаздың ұмытылмас атмосферасы – мұның бәрі бір кеште тоғысады.
Сіздерді күтеді:
• Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт;
• DJ-сет пен жағалаудағы би кеші;
• Ходулистер, тірі мүсіндер және алып қуыршақтардың әсерлі шоуы;
• Интерактивті ойындар, байқаулар мен флешмобтар;
• Кештің шарықтау шегі – Алакөл аспанын жарқырататын мерекелік отшашу.
«Алакөл толқыны» – бұл жай ғана фестиваль емес. Бұл – табиғаттың сұлулығы, музыка, еркіндік пен жаздың ең керемет естеліктері тоғысатын ерекше мереке.
Өтетін орны: Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Ақши ауылы, Алакөл көлінің жағалауы
Өтетін күні: 25 шілде, 2026 жыл
Mezgil.kz