Алматының Жетісу ауданында тұратын соғыс ардагері, 100 жастағы Илья Григорьевич Кудин сайлау учаскесіне келіп, дауыс беруге қатысты.

(Сурет: Алматы қаласы әкімдігінен алынды)
Ғасыр жасағанына қарамастан, Илья Григорьевич азаматтық белсенділігін сақтап, қоғам өміріндегі маңызды оқиғаларға қатысуды парыз санайды. Ол өнегелі ісімен ел болашағына бейжай қарамаудың қаншалықты маңызды екенін көрсетіп келеді.
Ардагердің өмір жолы ерлік пен қайсарлықтың, Отанға адалдықтың үлгісі. Бүгінде де жауапкершілік пен елге деген сүйіспеншілікті өмірлік құндылық деп білетін азамат ретінде көпшілікке өнеге болып отыр.
Илья Григорьевичке зор денсаулық, амандық және ұзақ ғұмыр тілейміз.
Mezgil.kz