Алакөл мен Балқаш көлдерінің жағалауына демауға келген туристер азаматтық белсенділік танытып, сайлауға қатысты. Демалушылардың уақытша келген орнында сайлау құқығын жүзеге асырып, дауыс беруіне мүмкіндік жасалды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

(Сурет:Жетісу облысыәкімдігененалынды)
Астана, Алматы, Атырау, Қарағанды, Талдықорған қалаларынан және басқа да өңірлерден келген 40 шақты турист Ақши ауылындағы № 68 және Көктұма ауылындағы № 67 сайлау учаскелеріне барып, дауыс берді.
- Біз, Алакөлде демалып жүрген азаматтар бүгін Ақши ауылындағы №68 сайлау учаскесіне келіп, азаматтық жауапкершілік танытып, өз таңдауымызды жасадық. Құрылтай депутаттарын сайлау - елдің бүгіні мен болашағы үшін маңызды қадам. Әрбір дауыс - ел болашағына қосылған үлес. Сондықтан бұл күні әр қазақстандық сайлауға қатысып, өз азаматтық таңдауын жасауы керек, - деді Құндыз Рахмет.
Сарқан ауданына қарасты Балқаш көліне демалуға келген азаматтар Лепсі ауылындағы №375 сайлау учаскесіне барды. Демалушылардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасау үшін көл жағалауынан сайлау учаскесіне дейін арнайы қоғамдық көлік ұйымдастырылды.
Mezgil.kz