Алматыда Құрылтай депутаттарын сайлау белсенді өтті

Наурызбай ауданында барлық 63 сайлау учаскесі таңғы сағат 7:00-де жұмысын бастады. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сағат 7:00-ден 8:00-ге дейінгі аралықта аудан бойынша 58 мыңға жуық азамат дауыс берді.

 1787496936235672.jpg

(Сурет:Алматы қаласы әкімдігінен алынды)


Сайлау күнін ерекше атап өту мақсатында Наурызбай ауданындағы барлық сайлау учаскесінде тұрғындарға арналған мәдени, спорттық және шығармашылық іс-шаралар ұйымдастырылды. Бағдарлама аясында ұлттық дәстүрлерді дәріптейтін көріністер, спорттық белсенділіктер мен отбасылық форматтағы түрлі іс-шаралар өткізілді.

 

Ұлттық нақыштағы қойылымдар, шығармашылық бағдарламалар мен спорттық белсенділіктер сайлау күнінің мазмұнын толықтырып, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

 

Наурызбай ауданындағы бүгінгі белсенділік тұрғындардың ел болашағына бейжай қарамайтынын және өз азаматтық ұстанымын білдіруге дайын екенін көрсетті.


Mezgil.kz


Сәйкес тақырыптар