«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы және «Динамо» ДШСҚ ҚБ

Ең көне дене шынықтыру-спорт қоғамы «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясына жыл сайын белсенді түрде қатысып келеді.

 1788188774970991.jpg

(Сурет:Шара ұйымдастырушыларынан алынды)


Бұл жолы Төтенше жағдайлар министірлігі қызметкерлерінің отбасыларына ерекше көңіл бөлінді.

 

Қоғамның Алматыдағы стадионында Төтенше жағдайлар министірлігі қызметкерлерінің аз қамтылған және көпбалалы отбасыларынан шыққан ондаған бала — болашақ бірінші сынып оқушылары — салтанатты жағдайда Қоғам аппаратының басшысы Гүләйім Махатқызы мен танымал гимнаст Милад Каримидің қолынан мектепке қажетті заттарға толы сөмкелер алды.

 

Сөмкелердің ішінде кеңсе тауарлары: қаламдар, дәптерлер, оқулықтар, қарындаштар, сондай-ақ «Динамо» қоғамының әйгілі эмблемасы бейнеленген спорттық костюмдер болды.

 

Өз сөзінде Гүләйім Махатқызы аз қамтылған отбасыларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған немесе өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға көмек көрсету динамолықтар үшін үлкен мәртебе әрі абыройлы міндет екенін атап өтті.

 

Бұл — биылғы жылы өткізілген алғашқы осындай іс-шара емес. Бүгінгі акция «Динамо» қоғамы мен күштік құрылымдар арасындағы ерекше байланыстың және өзара қолдаудың тағы бір айқын дәлелі болды.

 

Балалардың қуаныштарын ата-аналары да бөлісті.

 

«Біз, ата-аналар және Төтенше жағдайлар министірлігі қызметкерлері, қолдау көрсеткені үшін «Динамо» қоғамына алғысымызды білдіреміз. Тағы да зор алғысымызды айтамыз!»


Mezgil.kz


Сәйкес тақырыптар