Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына қаражат қалай бөлінетіні белгілі болды

Құрметті қазақстандықтар!

Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен қаза тапқандардың отбасылары мен зардап шеккен әскери қызметшілерге жан-жақты қолдау көрсетіліп жатыр.

 1790429472886076.jpg

(Сурет:Видеоның скриншоты)


Сонымен қатар, келіп жатқан қаражатты жинақтау мақсатында арнайы қор құрылды.

Осы қордың қызметін бақылау жөніндегі комиссияға жетекшілік етуді маған, яғни Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, Маңғыстау облысы қоғамдық кеңесінің төрағасы Бекмұрат Жүсіповке сеніп тапсырылды.

Қазіргі уақытта қорда қаражат жинақталды. Бұл Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері, Құрылтай депутаттары, саяси партиялар, кәсіпкерлер, демеушілер және басқа да жанашыр азаматтарымыздың арқасында мүмкін болып отыр.

Осыған байланысты, қаражат жинақтау ресми түрде аяқталды.

Арнайы комиссияның жетекшісі ретінде жақын арада осы жиналған қаражат қаза болғандардың отбасылары мен зардап шеккендерге әділетті түрде және біркелкі бөлінетінін сеніммен айтамын. Оның ашықтығын Комиссия құрамына кірген мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері де қадағалайды.

Атқарылып жатқан жұмыстың барысы туралы сіздерге тұрақты түрде хабарлап отырамын.

Қаржылай көмек қайғының орнын толтыра алмайтынын түсінеміз. Дегенмен осындай ауыр жағдайда отбасыларға жан-жақты қолдау көрсету – біздің парызымыз деп білеміз. Сіздер бұл ауыртпалықпен жалғыз қалмайсыздар.

Сенім білдіріп, қайғыға ортақтасқан барша қазақстандықтарға алғыс айтамыз.


Mezgil.kz


Сәйкес тақырыптар