Ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасын есептеу нәтижелері бойынша халықтың негізгі әлеуметтік-демографиялық топтары бойынша көрсеткіштер қалыптасады.

(Сурет: Тұрар Қазанғаповтікі / tengrinews.kz)
2026 жылдың III тоқсанында ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы жан басына шаққанда орта есеппен 72 791 теңге деңгейінде қалыптасты. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен (2025 жылдың III тоқсаны – 60 878 теңге) салыстырғанда 19,6%-ға жоғары. Ал 2026 жылдың II тоқсанымен салыстырғанда өсім 7,7%-ды құрады (67 618 теңгеден 72 791 теңгеге дейін).
Жас ерекшеліктері топтары бойынша 2026 жылдың III тоқсанындағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы:
* 0-13 жастағы балалар үшін — 61 400 теңге. Бұл көрсеткіш 2025 жылдың III тоқсанымен (52 287 теңге) салыстырғанда 17,4%-ға, ал 2026 жылдың II тоқсанымен (53 645 теңге) салыстырғанда 14,5%-ға өсті.
* 14-17 жастағы ұлдар үшін — 91 345 теңге. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен (76 085 теңге) салыстырғанда өсім 20,1%-ды, ал 2026 жылдың II тоқсанымен (85 613 теңге) салыстырғанда 6,7%-ды құрады.
* 14-17 жастағы қыздар үшін — 69 986 теңге. Бұл 2025 жылдың III тоқсанындағы деңгейден (58 298 теңге) 20,0%-ға жоғары. Тоқсандық динамикада көрсеткіш 2026 жылдың II тоқсанымен (65 598 теңге) салыстырғанда 6,7%-ға өсті.
* Еңбекке қабілетті жастағы еркектер үшін — 86 013 теңге. 2025 жылдың III тоқсанымен (71 765 теңге) салыстырғанда 19,9%-ға, ал 2026 жылдың II тоқсанымен (80 519 теңге) салыстырғанда 6,8%-ға артты.
* Еңбекке қабілетті жастағы әйелдер үшін — 68 258 теңге. Бұл 2025 жылдың III тоқсанындағы деңгейден (56 953 теңге) 19,8%-ға жоғары. 2026 жылдың II тоқсанымен (63 933 теңге) салыстырғанда ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 6,8%-ға өсті.
* Зейнеткерлер мен егде жастағы адамдар үшін — 67 732 теңге. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен (56 416 теңге) салыстырғанда өсім 20,1%-ды, ал 2026 жылдың II тоқсанымен (63 422 теңге) салыстырғанда 6,8%-ды құрады.
Осылайша, 2026 жылдың III тоқсанында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ең төменгі күнкөріс деңгейінің өсуі халықтың барлық жас және әлеуметтік-демографиялық топтары бойынша байқалады. Жылдық есептегі ең жоғары өсім 14-17 жас аралығындағы ұлдар мен зейнеткерлер және егде жастағы адамдар арасында тіркелді — әрқайсысы бойынша 20,1%.
2026 жылдың II тоқсанымен салыстырғандағы тоқсандық динамикада да өсім қарастырылып отырған барлық топтар бойынша байқалады және ол 6,7%-дан 14,5%-ға дейінгі аралықты құрайды.
Тоқсанаралық ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының өзгеруі ең төменгі тұтыну себеті құнының динамикасына байланысты.
Mezgil.kz