Төрағалық етіп жатқан судья Жанат Әбенова сот отырысын үзіп, сот залынан шығып кеткен, алайда үзілістен кейін қайта оралған Санжар Боқаевтың адвокаттарына ескерту жасады.

(Сурет: baq.kz сайтынан алынды)
Адвокаттардың бұл әрекетіне прокуратура ұсынған бейнежазбалар мен полиция рапорты себеп болды. Бейнекадрлардан бұған дейін Баумтоғайындағы ағаштарды заңсыз кескені және гранит тақталармен инсцинировкаға қатысы бар деп сотталған айыптау тарапының куәгері Ақылбек Хамракуловтың Боқаевтың туыстары және адвокаттар Алма Мусина, Радмир Өтепов пен Ғалымжан Жолдасбаевтың ортасында бір сағаттан астам уақыт болғаны көрінеді.
Кейін полиция Хамракулов мінген таксидің Қаскелеңге қарай жолға шыққанын, алайда оның жолақысын төлеместен көліктен түсіп, ізін суытқанын анықтаған. Ал таксиге тапсырыстыБоқаевтың туған әпкесі мен екінші фигурантМадияр Қалменовтің анасының телефон нөмірінен берілген. Осы материалдар көрсетілгеннен кейін қорғаушылар сот залынан шығып кеткен.
Адвокаттардың әрекетіне қатысты пікір білдірген Жанат Әбенова бұған дейін де сот процесін созуға бағытталған әрекеттердің болғанын еске салды. Атап айтқанда, қорғау тарапы заң бойынша өз шағымдарын қарауға тиіс екінші судьяға да қарсылық білдіруге тырысқан. Ал Боқаев тіс дәрігеріне барғаннан кейін және сот отырысына қатысуына еш кедергі жоқ деген ресми анықтамасына қарамастан, отырысты жалғастыруға бас тартқан.
Үзілістен кейін қорғаушылар сот залына қайта оралғанда, Жанат Әбенова олардың әрекеттеріне құқықтық баға берді.
«Сот талқылауы барысында қорғаушылар мен айыпталушылар бұған дейін жалған негіздер бойынша сегіз рет қарсылық білдірді. Сот олардың барлығын қарастырып, тиісті процестік баға берген. Қарсылық білдіру адвокаттардың өз бетімен сот залын тастап, шығып кетуімен қатар жүрді. Бұл іс жүзінде қорғау міндетінің тоқтатылуына әкеп соқты», – деді судья.
Әбенова адвокаттардың заңмен берілген құқықтары сот процесін бұзуға мүмкіндік бермейтінін атап өтті.
«Әрине, қорғау тарапы өтінішхаттар беруге, қарсылық білдіруге, сот шешімімен келіспейтінін білдіруге және оған шағымдануға құқылы. Алайда соттың процестік шешімдерімен келіспеу төрағалық етіп жатқан судьяның объективтіеместігін білдірмейді және оған қарсылық білдіруге негіз бола алмайды», – деп атап өтті ол.
Сот жаңа мән-жайлар болмаған жағдайда қайта-қайта қарсылық білдіруді және қорғаушылардың өз бетінше сот залынан шығып кетуін сот отырысындағы тәртіпті бұзу, кәсіби міндеттерін тиісінше орындамау және процестік құқықтарды асыра пайдалану деп бағалады.
Судья қорғау тарапының сот талқылауын созуға бағытталған әрекеттерді қайталаған жағдайда туындайтын салдарлар туралы ескертті. Сонымен қатар айыптау мен қорғау тараптары арасындағы үздіксіз сөз таластыруды тоқтату мақсатында Әбенова дәлелдемелерге қатысты барлық ескертулерді, қарсылықтар мен өтінішхаттардыжазбаша түрде беруді ұсынды.
Abai.kz