Тойда ысырап жасағандарға айыппұл салынды

fullimage11.jpg

2017 жылы Тәжікстан Республикасының соты «Той мен әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді бірыңғайландыру» заңының нормаларын орындамағандары үшін 771 азаматқа 3 млн 349 мың сом көлемінде айыппұл салды, деп хабарлады 7kun.kz сайты Asia Plus басылымына сілтеме жасай отырып.

«Ашық Азия онлайн» өзінің мақаласында отбасылық, мерекелік және кісі өліміне қатысты шараларда қандай нормалардың сақталуы тиіс екені туралы жазған болатын. Артынша аталған нормалар толықтырылып, оларды бұзғандарға арнап арнайы айыппұл көлемі бекітілді.

Мұнымен қатар, «Білім мен бала тәрбиесіне ата-ана жауапкершілігі» туралы заң нормаларын бұзған 10 629 республика азаматына 1 млн 477 мың сом көлемінде айыппұл салынған.

Бұдан өзге, жоғарыда аталған заңды бұзған 5 мың ата-анаға ескерту жасалды.



Пікір жазу
Пікір жазу(Жалпы 0 Пікір)
   
Тексеру коды:

Ұқсас тақырыптар