Сирияда содырлар ресейлік шабуылдаушы ұшақты атып түсірді

39340200_303.jpg


Сенбі күні Сирияда содырлар Ресей  әуе-ғарыш күшінің шабуылдаушы ұшағын атып түсірді, ұшқыш катапульта жасады, бірақ терроршылармен атыста қаза тапты. Бұл туралы сенбіде РФ Қорғаныс митистрлігін мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС.


«2018 жылы 3 ақпанда "Идлиб"деэскалация аймағы үстінде байқау тапсырмасын орындау кезінде ресейлік Су-25 ұшағы апатқа ұшырады. Ұшқыш  «Джебхат ан-Нусра» содырлары бақылауындағы аумаққа катапульта жасағандығы жөнінде баяндап үлгерген. Террористермен атыста ұшқыш мерт болды», - деді ведомостводан. 

 

ҚазАқпарат


Пікір жазу
Пікір жазу(Жалпы 0 Пікір)
   
Тексеру коды:

Ұқсас тақырыптар