Қазір нағыз бабымдамын. Үздік үштіктен көріну - басты мақсат - Галышева

450_56c038322fafb.jpg


Спортшы Олимпиадаға қандай дайындықпен келгенін айтып берді
Фристайландан ел намысын қорғайтын Юлия Галышева Пхенчхан қаласында өтетін қысқы Олимпияда ойындарында  медалын иеленуге дайындық үстінде, деп жазады Vesti.kz. Могул спортының Олимпиада ойындарының іріктеу кезеңі 9-ақпан күні басталады.  Ал финалдық жарыс 2 күннен кейін өтеді. 

Бүгін 7-ақпан күні Пхенчханда Қазақстан туын салтанатты көтеру рәсіміне қатысқан спортшының айтуынша,  ол қазір нағыз бабында екен.
"Олимпиада бізде маусымының ортасында өтеді, ал біз маусымға толық дайындалдық. Себебі бұл Олимпиададан кейін бізде әлем кубогының төрт кезеңі бар. Яғни, бұл бәсекеде нағыз бабымызда келеміз", – деді Галышева.
Фристайландан ел намысын қорғайтын спортшымыз өз спорт түрінен медальда үміткерлердің бірі. Сондықтан да ол Пхенчханда жеңімпаздар тұғырынан көрінемін деп отыр. 
"Бірінші және үшінші орынның бірін алу жоспарда бар. Бұл тапсырманы орындауға тырысамыз", - дейді Галышева. 
"Менің қатысатын спорт түрінен фовариттар - Дмитрий Рейхерд және Павел Колмаков. Ал шаңғы жарысынан Алексей Полторанин. Мен басқа спортшылардың нәтижелерін қадағаламаймын, сондықтан олардың қарсыластары қандай екенін білмеймін",- деді спортшы. 
Еске сала кетсек, бүгін Пхенчханда Қазақстан туы көтерілген болатын. Қысқы Олимпиада ойындары 9-25-ақпан күндері аралығында өтеді. Олимпиаданың ашылу салтанатында Қазақстанның туын шорт-трек спортынан сынға түсетін Абзал Әжғалиев алып шығады. 


Пікір жазу
Пікір жазу(Жалпы 0 Пікір)
   
Тексеру коды:

Ұқсас тақырыптар