Трамп Қытай тауарларына жаңа баж салығын енгізбек

3.jpg


АҚШ Қытайдан импорттайтын 10 миллиард доллардың тауарына жоғары баж салығын салуы мүмкін деп мәлімдеді АҚШ президенті Дональд Трамп. Бұл баж салығы Вашингтон 3 сәуірде 25 пайыздық баж салығы салынады деген Қытайдан импортталатын 50 миллиард доллардың тауарына қосымша енгізілуі мүмкін, деп хабарлады Азаттық радиосы.

Пекин бұған дейін АҚШ-тың Қытайдан импортталатын 50 миллиард доллардың тауыран баж салығын салу шешіміне жауап ретінде АҚШ-тан импорттайтын 50 миллиард доллардың тауарына баж салығын енгізген. Қытай негізінен АҚШ-тағы президент сайлауында тұрғындарының көбі Трампқа дауыс берген штаттардың ауыл шаруашылығы өнімдеріне баж салығын енгізіп отыр.

Трамп Қытайдың бұл әрекетін "әділетсіз жауап" деп бағалап, оны қосымша сауда тарифтерін енгізуге түрткі деп атады. Ақ үйдің мәлімдеуінше, АҚШ алғашқы шешімін фактілерді мұқият талдап барып қабылдаған, ал Қытайдың әрекеті "негізсіз" болған.


Ұқсас тақырыптар