Солтүстік Корея ядролық полигонды жабуға уәде берді

3.jpg


Солтүстік Кореяның басшысы Ким Чен Ын Оңтүстік Кореяның президенті Мун Чжэ Инуға мамыр айында елдегі ядролық полигонды жабатындығын айтты, деп жазады ВВС.

Солтүстік Кореядағы ядролық полигонның жабылу салтанатына АҚШ-тан арнайы сарапшылар шақырылмақ.

«Ким саммитте мамыр айында полигонды жабатындығы туралы айтты», - деді журналистерге Оңтүстік Корея президентінің өкілі Юн Ен Чхан.

Оның сөзіне қарағанда, Корей түбегіндегі Пунгери ядролық полигонның жабылу салтанатына Корея мен АҚШ-тың қауіпсіздік қызметкерлерінен бөлек журналистерде де қатыса алады.

 

Дереккөз: ҚазАқпарат



Ұқсас тақырыптар