Солтүстік Корея ядролық полигондағы ғимараттарды бұза бастады

5.jpg


Сотүстік Корея Пунгери ядролық полигонындағы ғимараттарын бұзып жатыр. Бұл туралы 38 North порталы Джонс Хопкинс атындағы университеттің зерттеу тобы есебіне сілтеме жасап жазады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Сарапшылар 7 мамырда спутниктен түсірілген суреттерді қарап, өткен түсірілімге қарағанда әлдеқайда өзгеріс енгізілгенін анықтады. Осы уақытқа дейін бірнеше маңызды ғимарат сүріліп, кешеннің тау бөлігіне апаратын теміржолдар бұзылған, сонымен қатар көптеген рельс үстінде жүретін арба қираған.

Мұнымен қоса, туннельге кіретін жер ашық тұр. Маңызы жоғары ғимараттардың ішінде бұзылмағандары да бар. Сарапшылар мұны 23-25 мамыр аралығында Пунгеридің жабылуы туралы жария етумен байланысты деп отыр.



Ұқсас тақырыптар