"Тарихи сәт". Трамп пен Ким алғаш рет қол алысты

1.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын бүгін, сейсенбі күні таңертең Сингапурде кездесті. Трамп пен Ким Чен Ын алғаш рет қол алысты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Басылымның мәліметінше, бұл тарихтағы екі ел арасындағы алғашқы саммит. Саммит Сентос курорттық аралындағы орналасқан "Капелла" қонақүйінде өтіп жатыр.

Ким Чен Ын қара түсті киіммен көліктен шықты. Ал Трамп оның артынша келген. Қызыл галстук, көк түсті костюм киген.

Екі елдің көшбасшылары қонақүйге кіргенде бір-біріне күліп, камера алдында қол алысып, әңгімелесуге кетті.

Басылымның мәліметінше, екі ел басшылары денуклеаризация мәселесін, сондай-ақ, Америка - Солтүстік Корея қарым-қатынасын тұрақтандыру мәселелерін талқылауға ниетті.

Дереккөз: tengrinews.kz

Ұқсас тақырыптар