Барак Обама саясатқа қайта оралуы мүмкін

10.jpg

«АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обаманың саясатқа қайта оралу мүмкіндігі күшейді. Олай етпеске, болмайды». Америкалық  Vanity fair басылымы жақында жарияланған сараптамалық мақаласында осындай ұйғарымға келген. Мұның себебі неде?

Мұның басты себебі, екі жылдан кейін өтетін президенттік сайлауда Демократиялық партияның жеңісін үстем ету мақсатында болып отыр. Осыған орай Демократиялық партияның мүшелері бұрынғы президент Барак Обамаға хат жазып, одан көмек сұраған, қолдау күтетінін жасырмаған.

–Біз қазіргі уақытта АҚШ президенті Дональд Трамп қол қойған кейбір заңдар мен ережелерге қарсылығымызды білдіреміз және халықаралық аренада Американың беделіне нұқсан келтіретін әрекеттер жасалынып жатыр. Оған басты кінәлі адам –Дональд Трамп, – деп жазылған Обамаға арналған хатта.

Осыдан біраз уақыт бұрын елде қалыптасқан жағдайға байланысты Барак Обама Демократиялық партияның белгілі тұлғаларымен президенттік сайлауға қатысты бірнеше рет кездесу өткізген. Соған қарағанда, Барак Обаманың қайтадан президенттік сайлауға қатысуы бек ықтитмал. Бірақ бұл туралы экс-президенттің өзі қандай да бір мәлімдеме жасаған жоқ.

Vanity fair басылымының жазуына қарағанда, Демократиялық партия мүшелері «қазіргі таңда Барак Обамадан басқа лайықты кандидатураны көріп отырған жоқ және басқа лидердің бары да байқалмайды».

Жалпы, президенттік сайлауалды бәсекесі қашан басталады, ол жағы әлі мәлімсіз. Десек те, бұрынғы президенттің  конгреске келіп, кездесу өткізуі жиіледі, сонымен қатар кейінгі кезде оның саяси белсенділігі де арта түскен. Бірақ Барак Обама келесі президенттік сайлауға қатыса ма, жоқ па, ол бұған қатысты  пікір айтудан бас тартқан көрінеді.

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ

Айқын газеті


Ұқсас тақырыптар