БҰҰ: Дамушы елдер АҚШ-тың жаңа кедендік алымдарының құрбанына айналады

1.jpg


АҚШ тарапынан құрыш пен алюминий импортына жаңа кедендік алымның енгізілуі қарсы шара қолданатын мүмкіндігі жоқ дамушы елдерге соққы болып тиеді. БҰҰ-ның Сауда және даму конференциясының бас хатшысы Мухиса Китуйи бейсенбі күні осындай пікір білдірді, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі ТАСС сілтеме жасап.

Китуйидің сөзін келтірген Reuters агенттігінің хабарлауынша, дамушы елдер мен өтпелі экономикалар және әлі толық дамымыған елдер АҚШ-қа қарымта жауап қайтаруға қауқарсыз.

АҚШ Конгресіндегі республикашылдар президент Дональд Трамптың құрыш пен алюминий өнеркәсібі импортына кедендік алымдарды егізуі бастамасына бірден қарсы шықты. Мұндай қадамды көбіне мемлекет басшысының көзқарасын қолдап жүрген Өкілдер палатасының спикері Пол Райан да қолдамады.

Бұған қоса Жапония үкіметінің Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) сотына құрыш пен алюминийге кедендік алым енгізу жөніндегі шешімі үшін АҚШ-қа қарсы шағым түсіруі мүмкін екендігі жөнінде де хабар тарады. Мұндай пікірді жұма күні Жапонияның Экономика, сауда және өнеркәсіп министрі Хиросигэ Сэко білдірген болатын.

«Осының барлығы өкінішті, әрине. Біз Дүниежүзілік сауда ұймының аясында қарымта қадамдар ұйымдастыру жағын қарастырамыз»,-деді Сэко. Жапония АҚШ-қа жылына 2 млн тонна құрыш экспорттайды. Бұл Жапония елінің жалпы экспортының 5 проценті.

Бейсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп құрыш және алюминий өнімдерінің импортына кедендік баж енгізу туралы құжатқа қол қойды. Президенттің пікірінше, баж мөлшері құрыш үшін 25% алюминий үшін 10% құрайды.


Ұқсас тақырыптар