Ұлыбритания мен Гибралтар Еуроодақтан шығады

2.jpg


Бүгін Еуроодақ мүшелері жиылып, саммит өткізеді. Одақ мүшесі Дональд Туск Ұлыбритания және Гибралтардың Одақтан шығатыны туралы ортақ мәмілеге келетінін айтты. Және аталған бұғазға қатысты Испания мен Ұлыбритания елдерінің арасындағы басқарушылық құқық реттеледі, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ВВС басылымына сілтеме жасап.

19 наурыз күні Ұлыбритания мен Гибралтардың Одақтан шығатыны белгілі болды. Еуроодақ Лондон шешілмеген сауалдары бойынша жасалған келісімге сәйкес, аталмыш территорияға қатысты Испанияға қолдау білдіретінін хабарлады. Дәл осы күні Еуроодақ пен Англия тарапының арасында Brexit келісімшарты жарияланды. Ол құжат әлі де бекітілмегендіктен, бүгін және ертең саммит өткізіледі.

Бұл өзгеріс 2019 жылдың 29 наурызынан бастап, 2020 жылға дейін орындалады деп жоспарланған. Премьер-министр Тереза Мэй бұл кезеңді «жүзеге асыру уақыты» деп атады. Ұлыбритания Еуроодақ ережелерін ұстанып, әріптес ретінде экономикалық және саяси тұрғыда жаңа сатыға көтеріледі дейді премьер.

Келісімге сәйкес, Ұлыбритания сауда саласында келісімшарттар жүргізіп, қол қоюға құқылы. Ал Еуроодақ мүшелігіндегі мемлекет азаматтары да Ұлыбритания территориясында бұрынғы құқықтарын сақтайды.

Brexit келісімінің Ұлыбританияға әсері қандай? Тори депутаттары 2020 жылға дейін балық шаруашылығында Британия құқықтарының сақталғанын қалайды. Дегенмен, Ирландиямен шектесетін аймақтағы қатаң талаптар әлі өзгерген жоқ. Солтүстік Ирландия Бірыңғай нарық пен Кедендік Одақ мүшесі ретінде өзге құқықтарға ие.

Туск мырза өз сөзінде Еуроодақтың 27 мүшесі бүгін жиналатынын жеткізді. Ол алдағы 21 айда аталмыш елдер арасында ешқандай кикілжің тумайтынына сенімді. Испания, Солтүстік Ирландия мен Ұлыбритания арасында бәріне пайдалы қатынас орнайтынына үміттенетінін журналистерге жеткізді.



Ұқсас тақырыптар