Бауыржан Қарағызұлы Жазушылар одағының Астана қалалық филиалының директоры болып тағайындалды

Белгілі ақын Бауыржан Қарағызұлы Қазақстан жазушылар одғы Астана қалалық филиалы директоры болып тағайындалды. Бұл туралы бүгін Астана қалалық Жазушылар одағы ғимаратында өткен жиналыста мәлім болды. 

ҚР Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет арнайы таныстырып, жаңашыл жырларымен ерте танылған ақынның алда атқарар жұмысының көп екендігін, ол бұған дейін "Әдебиет порталын" басқару кезінде әдеби өмірімізге тың серпін берген жобаларды жүзеге асырғанын айта келіп, жұмысына сәттілік тіледі.

30656678_802519059944686_6461250681574522880_n.jpg

Бауыржан Қарағызұлы (1982 жыл, 17 қазанда дүниеге келген) - Қазақтың талантты ақыны, көптеген халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық әдеби конкурстардың жеңімпазы.


Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаетің және ЮНЕСКО-ның қолдауымен өткен Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің екі мәрте лауреаты және Гран-При жүлдесінің иегері (2006-2008 ж.).

«Әлемге әйгілі - Астана» атты жыр мүшәйрасының Гран-При жүлдесінің иегері (2010 ж.).

Сейдолла Бәйтереков атындағы арнайы сыйлықтың иегері.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырған діни өлеңдер мүшайрасында екі рет лауреат атанып, «Ұмра» қажылыққа екі рет жолдама алған (2010 ж.).

Дүниежүзілік қазақтардың ІV Құрылтайы аясында өткен жастардың Халықаралық «Жырым саған, Атажұрт!» жыр мүшәйрасының Гран-При жүлдесінің иегері атанған (2011 ж.).

Қазақстан Республикасының Елордасы – Астана қаласына сіңірген еңбегі мен үздік ақындығы үшін «Патриот» медалін иеленген. (2011 ж.).

ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында өткен «Қазақ елі, бір ауыз сөзім саған» атты І республикалық Мағжан өнер фестивалінің лауреаты және жеңімпазы (2011 ж.).

«Табысты қазақстандық - 2012» Ақмола облыстық жастар байқауында «Жас дарын» сыйлығының иегері (2012 ж.)

Ақын-импровизатор Иманжүсіп Құтпанұлының 150 жыл толуына орай өткен әдеби байқаудың жеңімпазы.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік сепендияның иегері. 2014 ж.

Топтама өлеңдері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша жарық көрген «Жас толқын», «Қазақстан ақындар антологиясы» т.б. сияқты жыр жинақтарға енген. Сондай-ақ, «Қызылжардан ескен леп», «Шынға шыққым келеді», «Айдыннан ұшқан аққулар», «Жеңімпаз жас ақын-жазушылар антологиясы», «Көкшетау жас ақындар антологиясы» атты ұжымдық жыр кітаптарға енген. «Жұмбақтасқа жауған күз», «Өң мен түс». «Жүрек кітабы», «Топырық демі» (қырғыз тілінде) атты жыр-кітаптарының авторы. Республикалық «Алаш үні» газетінде тілші (2003-2004 ж.), Елордалық «Астана» журналында тілшілер қосынының жетекшісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары (2005-2008 ж.), Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасында редакциялық бөлімнің редакторы және «Кітап патшалығы» журналының бас редакторының орынбасары (2008-2011 жж.). Көкшетау қаласындағы «Ақпараттық кітапхана жүйесі» Мемлекеттік мекемесінде директор (2011-2013жж.) Қазір «Әдебиет порталы» интернет-жобасының жетекшісі. Үйленген. Үш бала тәрбиелеп отырған әке.



Ұқсас тақырыптар