Қыпша бел болу үшін алты қабырғасын алдыртып тастады

9.jpg


Швециялық қыз Пикси Фокс қыпша бел болу үлін алты бірдей қабырғасын ота жасатқызып алдыртып тастады.

Ол танымал мультфильмнің кейіпкеріне еліктеген екен. Ота жасалғаннан кейін оның белі небəрі 40 см. "Роджерді алдап тастаған кім" атты мультфильмдегі қыпша бел сұлу Джессика Рэббит оны елітіп, шабыт берген көрінеді. Енді Пикси тəулік бойы беліне корсет киіп жүруге мəжбүр. Тек суға түсіп, спортпен айналысқанда ғана корсетін шешеді.


7.jpg


Ол бұрын инженер-электрик болып істеген, қазір оның аты шығып, əлеуметтік желідегі жазылушылар саны жарты миллионға жетті. Ал беліне ота жасатуға 120 000 доллар төлеген. «Кірпік салдыру отасын да жасатқам, енді тағы бір сирек кездесетін ота жасатуға дайындалып жүрмін. Əзірге оны ашық айта алмаймын - құпия», - дейді ол.

Айта кетсек, бұған дейін оның түрі, дене бітімі осындай болатын.


8.jpg


Дереккөз: ktk.kz


Ұқсас тақырыптар