Халықтың тілі - қаламгерлері неге ләмсіз?

6.jpg


Бисмилләһир рахманир рахим 

Қазақ қаламгерлерінің, менің әріптестерімнің тілдерін біреу тартып тастаған ба? 

Әлде ділдері өшкен бе? 

Әлде бірпеулерге сатылып кеткен бе? 

Әлде білген бір қупия сырлары бар ма?

Әлде оларға ұлтының керегі болмай қалған ба? 

Өздерін зиялы санамаушы ма еді олар! 

Зиялы болса өздерінен халқына түсірер жарықтары, сәулелері, қызыметтері қайда? 

Шығыста қытай 2-3 милион қандасының ерін (аталығын) қор, әйелін (аналығын) қатын, қартын ғапыл, жасын отын, жігерін құм, намысын күл етуде... 

Бірақ олар ләмсіз...

Неге? 

Қаламгерлер-ау! Сіздер халықтың тілі едіңіздер ғой... 

Неге үнсізсіздер? 

Неге құмығулысыздар? 

Неге тілдеріңізді жұтулысыздар? 

Неге? 

Олар сіздер танымағандарыңызбен, сіздерді өздеріндей танитын оқырмандарыңыз, ділдестеріңіз, жүректестеріңіз, жайылған жастықтарыңыз, иілген төсектеріңіз, қаны бірлеріңіз, жаны бірлеріңіз еді ғой...

Сіздерді өздеріне сүйікті етіп алған сүйіктілеріңіз еді ғой, олар...

Олардың аянышты тағдыры сіздерді шыныменен бір сәтке болса да алаңдатпағаны ма? 

Неге ләм-мимсіздер? 

Неге... оу, сол бейуаз... халықтың жатқарақ "зиялылары"???

Құл-Керім Елемес



Ұқсас тақырыптар