Қазақстан бас прокуратурасы 5 мыңға жуық сотталушының босатылатыны жөніндегі қауесетті жоққа шығарды

1.jpg

Еліміздегі түрлі ақпарат агенттіктерінде ауыр қылмыс жасаған 5 мың сотталушының бостандыққа шығатындығы жарияланды, бұның бәрі тек қауесет. Бұл жайында Қазақстан бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов баспасөз мәслихаты кезінде айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, мұндай мәлімет шындыққа жанаспайды.

«Біреу мәтін арасынан қиып алып, сенсация жасау үшін жариялап жіберуі мүмкін. Өйткені ешкім Заңды оқи бермейді ғой», – дейді ол.

Сонымен қатар ол, адам өлтіріп, қарақшылық шабуыл жасаған ауыр қылмысты 5 мың сотталушыны ешкім босатпайтындығын баса айтты.

Жаңа Заңның тұжырымдамасына сәйкес қоғамға нағыз қауіптілер оқшауланатын болады. Ал зорлық пен күш көрсету қылмысын жасамағандарға қоғамнан оқшаулаудан бөлек жаза қолданылмақ.

«Заңда зорлық пен күш көрсету қылмысын жасамағандарға қатысты жаза мерзімін қысқарту мен жазалану шартын жеңілдетуге қатысты нормалар бар. Сондай-ақ жазаны өтеу шартын бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту нормалары да бар», -деп атап өтті М. Ахметжанов.



Ұқсас тақырыптар