«Бізге келіңіз!» акциясы өтті

1.jpeg

Алматы қаласы жастар саясаты жөніндегі мәселелері басқармасының қолдауымен, Алатау ауданы #Almatyzhastary жастар орталығы «Бізге келіңіз!» акциясын өткізді.

Аталмыш акцияға орталық қызметкерлерімен қатар ерікті жастар тобы қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты–орталықтың қызметін кеңінен насихаттау. «Бізге келіңіз» осындай ұранмен жастар «Арлан», «Кенжехан», «Өжет» сауда орталықтарында ақпараттық парақшаларын таратып шықты. Сауда орталықтары мен базарлардағы хабарландыру тақтайшасына афишалар ілінді. Тұрғындарға қосымша түсіндіру жұмыстары да жүргізілді.

3.jpeg

Осылайша Алатау ауданының тұрғындары белсенді жастардың шақыруымен орталыққа қуана-қуана барып тұратындығын жеткізді.

Ұйымдастырушылардың айтуына бұндай ақпараттық-насихаттық акциясы алдағы уақытта да жиі өткізіледі. Қашанда ел жастары, ел тағдырына қала берді қоғамға пайдасын тигізіп отырған. Солардың жарқын жалғасы ретінде Алатау ауданы #Almatyzhastary ізгі дәстүрдің ізін жалғай бермек.

4.jpeg


Ұқсас тақырыптар