Қасымов Денис Теннің өліміне қатысты тергеу жұмыстары туралы айтты

1.jpg

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Теннің өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Денис Тенге қатысты екі қылмыскерге ұрлық, төбелес және өлтіру бабы бойынша айып тағылды. Ал әйелге қылмысты жасырды деген айып тағылды. Іс жақын арада қыркүйек соңына дейін сотқа жіберіледі», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында.

Еске сала кетсек, 2018 жылдың 19 шілдесінде Алматыда мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен автокөлік ұрыларының қолынан қаза тапқан болатын.

Спортшыны өлтірді деген күдікпен Нұралы Қиясов және Арман Құдайбергенов қамауға алынды.



Ұқсас тақырыптар