Бизнесті қолдау үшін жыл сайын кемінде 30 млрд теңге бөлінеді

4.jpg

Бизнесті қолдау үшін жыл сайын кемінде  30 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы бүгін Ақордада Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

«Бизнес өсімінің тұрақты өсім көзін қалыптастару қажет. Жеке инвестицияны ынталандыру нарықтың бостандығын қамтамасыз етеді. Дәл осы бизнес жаңа жұмыс орындарын, құрып, қазақстандықтардың басым бөлігін кіріспен қамтамасыз етеді. Бұл үшін біз келесі міндеттерді шешетін боламыз», - деді Мемлекет басшысы.

Осы ретте Елбасы 2010 жылы «Жол картасы-2020» бағдарламасының іске қосылғанын атап өтті.

«Өңірлерге сапарым барысында бұл бағдарламаның тиімділігіне көзімді жеткізді. Бағдарламасының жүзеге асырылуын 2025 жылға дейін созу қажет. Оны жүзеге асыру үшін жыл сайын қосымша кемінде 30 млрд теңге қарастыру керек», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

ҚР Президентінің атап өтуінше, бұл шаралар үш жылдың ішінде азаматтарымыз үшін қосымша кемінде 22 мың жұмыс орнын ашуға, бюджетке қосымша 224 млрд теңге алуға мүмкіндік береді. 3 трлн теңгенің өнімі шығарылады.


Ұқсас тақырыптар