«Болашақ» стипендиясына 25 жыл

1-1.jpeg

ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықова «Болашақ» халықаралық стипендиясының 25 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысты. 

Оларға сондай-ақ қатар білім және ғылым министрі Е.Сағадиев, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басшысы Қ.Келімбетов, Дүниежүзілік банктің ҚР-дағы тұрақты өкілі А.Браун, меморгандардың басшылары, дипломатиялық корпустың, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдері, «Болашақ» бағдарламасының түлектері қатысты.

Мемлекеттік хатшы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың форумға қатысушыларға арналған құттықтау сөзін оқып берді. Онда ширек ғасырдан бері еліміздің талантты жастарына қолдау көрсетіп келе жатқан «Болашақ» стипендиясы дүние жүзіне танылған қазақстандық брендке айналғандығы айтылған. «Бүгінде «Болашақ» стипендиясы бойынша оқып келген түлектер білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым және техника салаларында жүздеген ғылыми әзірлемелер мен ірі жобаларды жүзеге асырып, зор жетістіктерге қол жеткізуде. Әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне қадам басқан кезеңде біздің алдымызға жаңа талаптар қойылуда. Сондықтан, «болашақтықтардың» білімі мен білігі, әлемнің озық елдерінен алған өмірлік және кәсіби тәжірибесі тиімді пайдаланылуға тиіс», – делінген құттықтауда.

Бағдарлама жүзеге асырылып келе жатқан 25 жыл ішінде 13,2 мың стипендия тағайындалып, экономиканың басымдығы бар секторлары үшін жоғары білікті 10,4 мың маман даярланды. Қазіргі уақытта 1,2 мың стипендиат білім алып жатыр.

Кездесу барысында «Болашақ» халықаралық стипендиясын жүзеге асыру нәтижесі қорытындыланып, оны әрі қарай жетілдіру жоспарлары талқыланды, үздік «болашақтықтардың» ой-пікірлері тыңдалды.

Форум аясында әлемдегі 33 елдің жетекші 190 университеті қатысқан «International Education Fair» көрмесі ұйымдастырылды. Оған қатысушылар арасында Джордж Вашингтон университеті, Эдинбург университеті, Вюрцбург-Швайнфурт қолданбалы ғылымдар университеті және т.б. бар.  



Ұқсас тақырыптар