Қазан айында жұмыссыздық деңгейі 4,8% құрады

4.jpg

Жұмыссыздар (ХЕҰ стандарттарына сәйкес) - бұл табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын тұлғалар.

Республика экономикасында 2018 жылғы қазандағы, бағалау бойынша 8,7 млн. адам жұмыспен қамтылды. Жұмыспен қамтылған халық арасындағы жалдамалы қызметкерлер саны аталған кезеңде 6,6 млн. адамды (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 75,8%) құрады. Бұл туралы zakon.kz, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлады.

2018 жылғы III тоқсан деректері бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жалпы санынан жұмыспен нәтижелі қамтылғандар үлесі 89,7%, жұмыспен нәтижесіз қамтылғандар – 10,3% құрады.

2018 жылғы қарашада жұмыссыздар саны, бағалау бойынша 442 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 4,8% құрады. Жұмыспен қамту органдарында 2018 жылғы қараша айының соңына 142,3 мың адам ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі жұмыс күшінің санының 1,6%-ын құрады.

5.jpg

Жасырын жұмыссыздық деңгейі 2018 жылғы III тоқсанда жұмыс күшінің санының 0,3%-ын (23,8 мың адам) құрады.

Жұмыссыздар (ХЕҰ стандарттарына сәйкес) - бұл табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын тұлғалар.

Жасырын жұмыссыздық (лажсыздан толық емес жұмыспен қамтылу) - қысқартылған жұмыс аптасы немесе толық емес жұмыс күні режимінде жұмыс істейтін қызметкерлердің, сондай-ақ жалақысы сақталмайтын немесе еңбекақысы жартылай төленген әкімшілік демалыстарда болған қызметкерлердің санын көрсетеді.

Жасырын жұмыссыздық деңгейі - толық емес (жартылай) жұмыспен қамтылған және лажсыздан демалыста болған қызметкерлердің жұмыс күші санындағы, пайызбен өлшенетін үлесі.


Ұқсас тақырыптар