Қазақстанда барлық пойыздарда Wi-Fi орнатылады

6.jpg


Қазақстанның барлық жолаушылар пойызында Wi-Fi қызметін қолжетімді болады.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ басқарма мүшесі Алмас Айтпаев Қазақстанның барлық жолаушылар пойызында Wi-Fi қызметін қолжетімді ету мәселесіне қатысты пікір білдірді. 

«Қазіргі уақытта «Тұлпар-Тальгоның» бірнеше пойызында, атап айтқанда Алматы-Петропавл және Алматы-Астана бағыттарына Wi-Fi қызметі енгізілді. 2020-2022 жылдары өзге бағыттарға да енгізіледі», - деді Алмас Айтпаев Астанада өткен брифингте. Сонымен бірге, А. Айтпаев барлық пойыздарды Wi-fi қызметімен қамту мәселесіне тоқталды. «2020-2022 жылдарға дейін Қазақстан темір жолы барлық темір жол желісіне Wi-Fi жүйесін енгізуді жоспарлап отыр, сонда барлық пойыздарда Wi-Fi қолжетімді болады», - деді ол. 

Дереккөз: ҚазАқпарат



Ұқсас тақырыптар