«Орыс, түрік, қытай қаптады…». Қазақстанды игеріп жатқан кімдер?
Қазақстанда 20-дан астам шетелдік мемлекеттің 22 мыңға жуық компаниясы жұмыс істейді. Соның ішінде ең көбі — ресейлік, түрік және қытайлық фирмалар.
Қазақстанда ең көп шетелдік компания — Ресейдікі. 2017 жылдың 1 наурызындағы мәлімет бойынша, біздің еліміздегі ресейлік компаниялардың саны 7 мыңнан асып түскен. Ал одан кейінгі ІІ-орында — түріктердікі: шамамен 1,8 мың деп хабарлады LS басылымы.
Ал саны 900-ден асатын шетелдік компаниялар қатарына Қытайдың, Германияның, Нидерландының фирмалары енеді. Ресми мәліметке сәйкес, өзбек, украин, қырғыз, ағылшын және америкалық компаниялар да Қазақстанда белсенді жұмыс істейді.
2017 жылдың 1-наурызындағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 21,8 мың шетелдік кәсіпорын жұмыс істеп жатыр. Бұл — өткен жылғы осындай уақытпен салыстырғанда 2,5 есе артық көрсеткіш, яғни 2016 жылдың 1-наурызында бізде 8,7 мың шетелдік компания жұмысын жүргізген.
Еске сала кетелік, алдағы жылы елімізде жұмыс істейтін шетелдік компаниялар артпаса, кемімейді. Өйткені жуырда «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры өзіне қарасты 100-ден аса ірі мемлекеттік компанияның активін саудаға қойды. Оларды шетелдік инвесторларға сату да жоспарда бар.
Дайындаған: Юсуп Маметниязов, Қуаныш Сатар
kaz.365info.kz