Мектепті үздік бітіргені үшін берілетін «Алтын белгі» төсбелгісі 500 мың теңгеге сатыла бастады. Бұл туралы хабарлама қазақстандық интернет сауда желісінде пайда болған.
Біз сатышумен хабарласып көрдік, ол бұл қадамға жоқтықтан барып отырғанын жеткізді.
«Қызығушылық танытып отырған адамдар көп, әсіріесе коллекционерлер. Мен сондықтан, 400 мың теңгеден төмен түспеймін деп отырмын», - деді ол.
Жігіттің сөзінше, аталмыш медал оған 2012 жылы берілген екен.
Ал Білім және Ғылым министрлігінде бұл оқиғаға қатысты хабарласқанымызда мынадай пікір білдірді.
«Бұл тек сертификатпен бірге жүретін атаулы медаль. Оған алушының аты жазылады. Сондықтан, оны біреуге беру немесе сату мүмкін емес. Бірақ, егер белгілі бір коллекционерлер немесе нумизматтар қызығушылық білдіріп жатса, әрине олар оны иемдене алады. Біз бұндай қадамдарды қолдамаймыз, бірақ заң түрінде бұл ешқандай қудалануға жатпайды, себебі өзге адамның «Алтын белгісі» арқылы ешкім жеңілдіктерге ие бола алмайды», - деді министрліктің баспасөз қызметінің өкілі Арман ЖҮНІСОВ.
ratel.kz