АҚШ Айдың орбитасында станция салады

97fedb6838ad0f7941c74cfd83746d47_resize_w_520_h_.jpg


NASA басшысы Роберт Лайтфуттың айтуынша, АҚШ 2022 жылы Айдың орбитасында ғарыш станциясын салуды бастайды, деп хабарлады Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

«Біз Айдың орбитасында ғарыш инфрақұрылымын, жақын көршімізді зерттеу үшін саламыз. 2022 жылы Айдың Орбиталық Станциясының негізіне айналатын, Жер серігіне күш пен қозғаушы элементті қосамыз», - деді ведомства бюджетінің жобасын ұсыну барысында.

Лайтфуттың айтуынша, 2020 жыл америкалықтар үшін Ай мен Жердің орбитасын зерттеуге арналады.

Ақ үйде жарияланған бюджет жобасына сәйкес, NASA 2019 жылы 19,6 млрд АҚШ долларын бөледі, бұл өткен жылмен салыстырғанда 500 млн-ға көп.

АҚШ-тың Orion космос кемесі 2023 жылдан кешіктірмей Айдың айналасындағы алғашқы пилоттық ұшуын жоспарлап отыр. Кеменің құрылысы мен ұшыру техникасына 3,7 миллиард доллар бөлінді.

Бұған дейін АҚШ Президенті Дональд Трамп 2017 жылдың 11 желтоқсанында Ай бойынша зерттеу бағдарламасын қайта бастау туралы келісімге қол қойғаны туралы хабарланған болатын.


Ұқсас тақырыптар