Қазақстандағы арнайы операция кезінде Қырғызстан парламентінің депутаты ұсталған - БАҚ

2.jpg


Қырғызстан СІМ көрші елдің территориясында Жоғарғы Кеңестің (Қырғызстан парламенті) депутаты Асылбекұлы Дамирбектің ұсталуына байланысты Қазақстан елшілігіне нота табыс етті, деп хабарлады tengrinews.kz агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Қазақстан Бас прокуратурасының мәліметтері бойынша, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросының қызметкерлері кеденмаңы саласындағы құқық бұзушылықтың жолын кесу, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топтарға қарсы күресті күшейту және еліміздің шекарасында контрабандалық әрекеттерді жою үшін Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында ірі масштабты арнайы операциялар жүргізді, 29 адам ұсталған, олардың екеуі Қырғызстанның азаматы.

Қырғызстандық БАҚ мәліметтері бойынша, ұсталғандардың арасында депутат болған.


1.jpg


"Министрлікке 16 ақпан күні кешке шұғыл түрде Қырғызстандағы Қазақстан Республикасы елшілігінің консулы Әбішев шақырылды. Кездесу барысында Әбішевке бұл мағлұматты растау немесе жоққа шығару жөніндегі, сонымен қатар, расталған жағдайда ұсталғандар туралы мәлімет беру, болған жағдайға қатысты тиісті түсіндіру мен толық ақпаратты беру жөніндегі Қырғызстан Республикасы СІМ-нің нотасы тапсырылды", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Қырғызстан СІМ мамандарының айтуынша, "Қырғызстан Республикасының министрлігі мен шет елдегі мекемелері бұл мәселені бақылауда ұстап отыр".

Сонымен қатар, парламентарий құрамына кіретін "Қырғызстан" фракциясындағылар бұл мәліметтің тескерілетінін айтты.

"Қандай да бір қателік кеткен болар. Ұсталғандар жөнінде бізге барлығы белгісіз. Біз бұл ақпаратты тексереміз", - деп келтірді фракция өкілінің сөзін 24.kg.


Ұқсас тақырыптар