Бейбіт Шүменов Қанат Исламның промоутері болды

1.jpeg


Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Қанат Ислам (25-0, 20 КО) жаңа промоутер алды, деп хабарлады ҚазАқпарат BoxRec.com. сайтына сілтеме жасап.

Жаңа промоутер WBA нұсқасы бойынша бірінші ауыр салмақтағы экс әлем чемпионы Бейбіт Шүменов (17-2, 11 КО). Шүменов сонымен қатар өзбекстандық боксшы Равшан Худайназаровтың (17-1, 13 КО) да ісін жүргізетін болады. Исламның бұрынғы промоутері Нельсон Лопес болатын.

Айта кетейік, Қанат Ислам желтоқсан айында-ақ Шүменовтың жетекшілігімен жаттыққан болатын.

Қаңтар айының басында Бейбіт Шүменов Астанада баспасөз-мәслихатын өткізіп, кәсіби спорттағы карьерасын жаңғыртатытын айтқан болатын. Осыған дейін дәрігерлер оған жаттығулардың бірінде көзінен алған ауыр жарақатынан соң спортпен айналысуды тоқтатуға кеңес берген еді. Осы баспасөз мәслихаты кезінде Шүменов промоутерлік қызметпен айналысуды жоспарлап отырғандығын айтты.


Ұқсас тақырыптар