Қазақстан қорғанысқа арналған өнімдер экспортын екі есе ұлғайтты

2.jpg


Бүгін Ұлттық ғарыш орталығында ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (ҚР ҚАӨМ) 2017 жылғы қорытындылары мен Мемлекет басшысының биылғы Жолдауын іске асыру тұрғысынан ағымдағы жылғы негізгі міндеттері бойынша кеңейтілген алқа мәжілісі өтті, деп хабарлады ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алқа мәжілісіне Президент көмекшісі - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Владимир Жұмақанов, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің өкілдері, Парламент депутаттары, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің және және басқа да мемлекеттік органдардың, бағынысты ұйымдар мен кәсіпорындардың басшылығы қатысты.

«Бүгінгі таңда министрлік елдің қорғанысы мен қауіпсіздігін тиімді түрде іске асыруға мүмкіндік беретін саланың нормативтік-құқықтық базасын қалыптастыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қорғаныстың мемлекеттік тапсырысын қалыптастырудың жаңа механизмдерін реттейтін және отандық қорғаныс-өнеркәсіптік кешенін (ҚӨК) қолдау шараларын қарастыратын «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Заң жобасы ҚР Парламентіне қарауға енгізілді», - делінген баспасөз хабарламасында. 

Атап айтқанда, 2018 жылдан бастап Қорғаныс министрлігінің қорғаныстық тапсырыс бюджеті ҚР ҚАӨМ-ға өтеді. Бұл  әлеуетті органдарды өзіне тән емес функциялардан босатады және қорғаныс-өнеркәсіптік кешені кәсіпорнының дамуын қамтамасыз етеді.

Қорғаныс пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мемлекеттің жаңа технологиялық мүмкіндіктерін құруға бағытталған саланың тұжырымдамалық негіздері жүзеге асырылуда.

Басқарудың жаңа үлгісі негізінде саланың кешенді дамуын анықтайтын ҚАӨМ-нің 2028 жылға дейінгі Даму стратегиясын әзірлеу жүргізіліп жатыр.

Министрліктің басты жұмыс бағыттары қатарына ҚР қорғаныс пен ұлттық қауіпсіздік саласындағы мәселелерді шешу үшін қару-жарақтың жаңа және перспективті түрлерін, техниканы өндірудің және қызметтерді көрсетудің толық циклін басқару да жатады.

Бұдан басқа, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қорғаныс-өнеркәсіптік кешенінің даму қоры құрылуда. Биылдан бастап Қор ҚӨК кәсіпорындарын қолдаудың табысты механизмі ретінде жұмыс атқаруы тиіс.

Былтырғы жылы ҚР ҚАӨМ-де Ғылыми-техникалық кеңес құрылды. Ол қорғаныс өнеркәсібі, ғарыш және киберқауіпсіздік саласындағы ең озық перспективті жобаларды таңдаумен айналысады.

Бүгінгі таңда 3,3 млрд теңге сомаға 19 перспективті жоба іріктеліп алынды.

Бұдан бөлек, Қарулы Күштерді қайта қаруландырудың және қорғаныс-өнеркәсіптік кешенін дамытудың 2030 жылға дейінгі Тұжырымдамасының жобасы әзірленді.

Аталған құжатты қабылдау отандық кәсіпорындарды әскери және қосарлы пайдалану өнімдердің заманауи түрлерін игеруге бағыттауға, сондай-ақ ұзақ мерзімді келісімшарттарды жасауға, өндірісті жоспарлауға және технологиялық жаңғыртуды өткізуге мүмкіндік беретін болады.

ҚӨК кәсіпорындары ең алдымен сервистік қызметтердің толық спектрін игеру мүмкіндігін қарастыруы тиіс. Техника мен құрал-жабдықтарды өндірумен қатар, сатудан кейінгі қызметтерді көрсету мәселесі де өте маңызды. 

Бұл шаралар ҚӨК кәсіпорындарының табыс әкелуін жоғарылатуға бағытталған.  

Мемлекет басшының тапсырмасына сәйкес алдағы жылдары Қазақстанда қорғаныс өнеркәсібінің 9 кәсіпорнында технологиялық жаңғырту өткізілетін болады. Бұл барлық ҚӨК кәсіпорындардың 1/4 бөлігін құрайды.

Әрбір кәсіпорын бойынша жаңғыртудың жол картасы құрастырылады. Басты назар экспорттық потенциалы бар перспективті өнімдер түрлерін шығару.

Жалпы алғанда, статистика мәліметтері бойынша қорғаныс өнеркәсібі өндірісінің көлемі 2016 жылмен салыстырғанда 14%-ға, 80 млрд теңгеге дейін өсті. Экспорт екі есе, 16 млрд теңгеге дейін өсті.

Ағымдағы жылы ҚР ҚАӨМ мамандары ғарыштық саланың инфрақұрылымдық дамыту, ұлттық спутниктік топтамасын жаңарту, экспорттық мүмкіндіктерін кеңейту, жобаларды коммерциялау жұмыстарын жалғастыратын болады.  

«Бәйтерек» жаңа экологиялық қауіпсіз ғарыштық зымыран кешенін құру жобасы бойынша Жол картасын жүзеге асыру, сондай-ақ «Зенит-М» ҒЗК жерүсті ғарыштық инфрақұрылым объектілерін Ресей Федерациясы жалға алған объектілер құрамынан шығарып, оларды Қазақстан Республикасына беру бойынша жұмыстар жалғастырылады.

«KazSat» спутниктік байланыс жүйесінің және Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) жүйесінің спутниктері штаттық режімде қызмет атқаруда және экономика, қорғаныс пен ұлттық қауіпсіздік мәселелерінің шешуін табысты қамтамасыз етуде.

 2017 жыл ішінде «KazSat» жүйесі 5 млрд теңгеден астам кіріс әкелді және шетел спутниктердің ресурстарын пайдалануды қысқарту арқылы 12 млрд теңге сомасына импорт алмастыруды қамтамасыз етті.

2017 жылы мемлекеттік органдар мен ұйымдарына ЖҚЗ ғарыштық жүйесінің көмегімен Жер үстінің 11,5 млн шаршы км. көлемінде 1,2 млрд теңге сомаға ғарыштық суреттер берілді. Сонымен бірге, импорт алмастыру 12 млрд теңгеден астам соманы құрды.

Ғарыштық технологияларды сыртқы нарықтарға ілгірлету мәселесіне айрықша көңіл бөлінеді. Басты назарда көрші елдердің нарықтары: Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан. Бүгінгі таңда бұл елдерде өз ғарыштық байланыс жүйелері жоқ.  Ақпараттық қауіпсіздік саласында ҚР ҚАӨМ былтырғы жылы мемлекетіміздің ақпараттық (кибер) қауіпсіздік саласын дамыту бойынша негізгі концептуалды әдістерді әзірледі.  

Мемлекет басшының тапсырмасы бойынша Киберқауіпсіздік Тұжырымдамасы («Қазақстан киберқалқаны») және оны іске асыру бойынша Іс-шаралар жоспары әзірленді. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларында Бірыңғай талаптар қабылданды. Инфрақұрылымның аса маңызды объектілер Тізімі қалыптастырылды.

Кадрларды дайындау үшін 2017 жылы «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелер» мамандығы бойынша бөлінетін гранттар саны  60-тан 160-қа дейін көбейтілді. Аталған мамандарды дайындау үшін жыл сайын 500 гранттан бөлу жоспарланып отыр. 

«Ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына сәйкес банк жүйесінде ақпараттық қауіпсіздікті бақылау жүйесі құрылды, мемлекеттік органдар арасында құзыреттер ажыратылды, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жаңа субъектілер айқындалды.

Алқа жиналысының соңында министрлік алдында Мемлекет басшысы мен ҚР Үкіметінің тапсырмаларына сәйкес ҚР ҚАӨМ қызметінің барлық бағыттары бойынша бірқатар міндеттер қойылды.


Ұқсас тақырыптар