Қазақстандықтар медициналық сақтандыру қорына қанша қаражат аударды?

© Sputnik / Болат Шайхинов

Міндетті медициналық сақтандыру үшін қазақстандықтар 2017 жылдың 1 шілдесінен бері төлеп келе жатыр.

Жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін 2017 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 31 қаңтарына дейін 38 миллиард теңге төлеген, деп хабарлады "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" ҰАҚ баспасөз қызметі.

Төлемдердің жалпы сомасының 31,3 миллиард теңгесін жұмыс берушілер төлеген, ал 6,7 миллиард теңгені – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық шартпен жұмыс істейтін тұлғалар.

Өңірлердің ішінде бәрінен көп қаражат бөлетін Алматы мен Астана қалалары және Қарағанды облысы.

sputniknews.kz


Ұқсас тақырыптар