Мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді

нефт.jpg


Лондон және Нью-Йорк шикізат биржаларындағы жұма күнгі сауда-саттықта мұнай бағасы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сауда қорытындысы бойынша, Лондонның ICE Futures биржасында сәуір айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері 1,07 долларға дейін түсіп, бір баррель мұнайдың бағасы 68,58 доллар болды.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың наурыз айында жеткізілетін фьючерстері 0,35 долларға арзандап, бір баррельдің бағасы 65,45 долларды құрады.


Ұқсас тақырыптар