Дарындыларға арналған магистратура

1ee5af28-91d2-49b0-84bc-d06ff742817c.jpg

«Кселл» компаниясы мен «Taiburyl» қоғамдық қоры «Дарындыларға арналған магистратура» бірлескен білім беру жобасының басталғанын хабарлайды. Бұл жобаны іске асыру қазақстандық ЖОО бакалавриаты түлектеріне ағылшынның Kingston университетінде магистрлік дәрежені тегін алуына мүмкіндік береді. 

Жоба ең алдымен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардан шыққан немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерді қолдауға бағытталған. Бағдарламаға қатысушыларды іріктеу 30 наурыз күні басталады және еліміздің төрт қаласындағы – Қызылорда, Қарағанды, Өскемен және Павлодардағы ЖОО-ларда өтеді.

«Қазақстанның ірі компанияларының мүмкіндіктерін пайдаланып, талантты жастарға көмек берсек деген ой болды. Негізгі мақсат – талантты студенттерді, соның ішінде, жағдайы төмен әрі өздерін ары қарай дамытуға мүмкіндігі жоқ жастарды қолдау. Бұл жастарға жақсы үлгі болады. Бүгін олар жақсылық көрсе, ертең сол жақсылықты өзгелерге көрсетеді. Жалпы, білім беру саласында «Кселл» компаниясы белсенді жұмыс атқарып келеді. «Кселл» компаниясынан басқа да кәсіпорындар үлгі алып, жобаға қолдау көрсетеді деп үміттенеміз», - деді «Taiburyl» қоғамдық бірлестігігінің қамқоршылық кеңесінің төрағасы Мұрат Әбенов.
Байқауға «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар», «Ақпарат жүйелері», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «Автоматтандыру және басқару» сияқты мамандықтар бойынша білім алып жатқан студенттер қатыса алады. Грантқа үміткерлердің оқу үлгерімі жоғары болуы тиіс әрі ауызекі және жазбаша ағылшын тілін жақсы меңгерген болуы керек.

Жобаның серіктесі – Қазақстан бойынша жетім және аз қамтылған отбасы студенттерін қолдайтын бағдарламаны ұзақ жылдан бері іске асырып келе жатқан «Taiburyl» қоғамдық қоры.
Сонымен қатар, «Кселл» мен «Taiburyl» ҚҚ 5929 қысқа нөмірінің ашылғанын да хабарлайды, бұл нөмірге қазақстандықтар аз қамтылған немесе толық емес отбасылардың отандық ЖОО-ларда оқып жатқан талантты студенттерін стипендиямен қолдау бағдарламасына қатысу үшін асар жолдай алады. Бір SMS-ті жолдау құны – 250 теңге.


Ұқсас тақырыптар